Ұлттық кітапхана күніне орай Алматы кітапхана желісіне 9 сынып оқушыларымен экскурсия жасау
9 “А” сынып оқушылары 23 сәуір — Ұлттық кітап күніне орай Алматы кітапханалары желісіне барып, таным көкжиегін кеңейтті. Оқушылар кітап көрмесін тамашалап, викториналық ойынға белсене қатысып, өз білімдерін сынға салды. Бұл күн кітапқа деген құрметті арттырып, оқуға деген қызығушылықты оятты.
Мақсаты:
Оқушыларға кітапхана мәдениетін насихаттау, оқу мен білімге деген қызығушылығын арттыру, кітапхана жұмысы және кітап қорымен таныстыру арқылы оқырмандық мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шара барысы:
Экскурсия барысында оқушылар кітапхана құрылымы, бөлімдері, электронды және дәстүрлі кітап қорымен танысты. Кітапхана қызметкерлері оқушыларға кітап іздеу, тапсырыс беру және оқу залының ережелері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, тарихи сирек кітаптар мен цифрлы архивтерге шолу жасалды.
Нәтиже:
Іс-шара оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын арттырып, рухани-мәдени білімін кеңейтті. Көпшілік кітапхана қызметімен танысып, кітапты қадірлеу мен оқу мәдениеті жайлы тың ақпарат алды.
