"Әскери мамандық-лайықты таңдау!» 9-11 сыныптар Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорттық колледжімен кездесу » №204 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№204 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-57-38-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-57-38-70
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Әскери мамандық-лайықты таңдау!» 9-11 сыныптар Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорттық колледжімен кездесу
11
сәуір
2025

"Әскери мамандық-лайықты таңдау!» 9-11 сыныптар Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорттық колледжімен кездесу

Іс-шара атауы: «Әскери мамандық – лайықты таңдау!»  

Қатысушылар: 9–11 сынып ер балалар   

Мерзімі: 11 сәуір 2025 жыл  

Өткізу орны:№204 ЖББМ, мәжіліс залы   

Мақсаты:

- Оқушыларға әскери мамандықтар жайлы тереңірек мәлімет беру   

- Бауыржан Момышұлы атындағы колледждің оқу жүйесімен, талаптарымен таныстыру  

- Ер балалардың патриоттық сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру  

- Болашақ мамандық таңдауға бағыт беру

Іс-шара мазмұны:

Іс-шара барысында оқушылар колледж аумағын аралап, оқу кабинеттері мен жатақхана жағдайымен танысты. Колледж әкімшілігі оқушыларға:

- Колледжге қабылдау талаптары;

- Әскери пәндер, спорттық даярлық;

- Түлектердің болашақ мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді.

Сонымен қатар, колледж курсанттарымен ашық сұхбат өткізіліп, оқушылар өздеріне қызық сұрақтарға жауап алды.

Қорытынды:

Бұл танысу шарасы оқушылардың әскери мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, жауапкершілік, тәртіп, батылдық сынды қасиеттердің маңызын түсінуге сеп болды. Көптеген оқушылар әскери бағытта оқуға ниет білдіріп, мотивация алды.