№204 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№204 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-57-38-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-57-38-70
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы

Қош келдіңіздер!

Толығымен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
“Білімім-Отаныма” атты салтанатты жиын өтті.
25
мамыр
2026
“Білімім-Отаныма” атты салтанатты жиын өтті.
Бүгін мектебімізде “Білімім-Отаныма” атты салтанатты жиын жоғары деңгейге өтті. Жиын барысында білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, өскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігі, ел болашағына қосар үлесі мен жауапкершілігі кеңінен насихатталды. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, білімге деген құштарлықтарын, елге қызмет етуге деген ұмтылыстарын танытты.  Жиында Алатау ауданы әкімі аппаратының Қоғамдық даму бөлімінің басшысы Сайлибаев Алмат Уалиханович пен AMANAT партиясының Алатау аудандық
2026 жылдың 18 мамыр күні Алатау ауданы бойынша 9, 10, 11-сынып оқушыларына арналған кең көлемді түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
18
мамыр
2026
2026 жылдың 18 мамыр күні Алатау ауданы бойынша 9, 10, 11-сынып
2026 жылдың 18 мамыр күні Алатау ауданы бойынша 9, 10, 11-сынып оқушыларына арналған «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Жаз мезгіліндегі суға түсу және өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайлардың алдын алу», сондай-ақ «25 мамыр – Соңғы қоңырау және мектеп бітіру кешін өткізу тәртібі» тақырыптарында кең көлемді түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналысты Алатау аудандық білім бөлімінің басшысы К. Ақмұрзаева жүргізді. Кездесуге Алатау аудандық Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің Ювеналды
“Таза Қазақстан” акциясы аясында №204 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып бітіруші түлектерінің ұйымдастыруымен, мектеп әкімшілігінің қатысуымен сенбілік жұмыстары өтті.
16
мамыр
2026
“Таза Қазақстан” акциясы аясында №204 жалпы білім беретін мектептің
🌿 “Таза Қазақстан” акциясы аясында №204 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып бітіруші түлектерінің ұйымдастыруымен, мектеп әкімшілігінің қатысуымен сенбілік жұмыстары өтті. Түлектер мектеп ауласына гүл егіп, көгалдандыру жұмыстарына белсенді атсалысты.
23 сәуір – Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күніне орай мектебіміздің 7-сынып оқушылары Ұларбек Нұрғалымұлының “Қар суымен кеткен жылқы” әңгімесін оқып, мазмұнына терең талдау жасады.
22
сәуір
2026
23 сәуір – Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күніне орай
23 сәуір – Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күніне орай мектебіміздің 7-сынып оқушылары Ұларбек Нұрғалымұлының “Қар суымен кеткен жылқы” әңгімесін оқып, мазмұнына терең талдау жасады. 📚✨ Жоба екі кезең бойынша ұйымдастырылды:   🔹 1-кезеңде оқушылар шығарма желісі бойынша тест тапсырмаларын орындады.   🔹 2-кезеңде әр сыныптан үздік деп танылған 4-5 оқушы қатысып, “Оқырмандар конференциясында” өз ойларын ортаға салды.   Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы мен белсенділігі ерекше қуантты.
21.04–30.04.2026 ж. аралығында мектебімізде “Kemel jastar” жас мамандар бірлестігінің онкүндігі өтеді.
21
сәуір
2026
21.04–30.04.2026 ж. аралығында мектебімізде “Kemel jastar” жас
21.04–30.04.2026 ж. аралығында мектебімізде “Kemel jastar” жас мамандар бірлестігінің онкүндігі өтеді. Бұл кезеңде жас мамандар шығармашылық идеяларын ұсынып, кәсіби шеберліктерін шыңдайтын түрлі мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылады. Жетекшісі: Аймуханова Д.К.
Toshkent Navruz Festival аясында Ташкент қаласында өткен халықаралық чемпионатта мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары жоғары жетістікке жетті.
27
наурыз
2026
Toshkent Navruz Festival аясында Ташкент қаласында өткен халықаралық
🎊 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🎊 Toshkent Navruz Festival аясында Ташкент қаласында өткен халықаралық чемпионатта мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары жоғары жетістікке жетті. Аталған байқау — Халықаралық артистік өнер комитеті, халықаралық көркемөнер байқаулары комитеті, Қазақстан би спорты федерациясы, сондай-ақ World Dance Organization және European Dance Organization ұйымдарының қолдауымен ұйымдастырылды. Оқушыларымыз жүлделі I орын, Бас жүлде және Супер Гран-при иегерлері атанды. 🏆 Бас жүлде иегерлері
Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы – Алматы қалалық волейбол федерациясының президенті – жас спортшыларымызбен кездесуге арнайы келді.
26
наурыз
2026
Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы – Алматы қалалық волейбол федерациясының
Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы – Алматы қалалық волейбол федерациясының президенті – жас спортшыларымызбен кездесуге арнайы келді. Сапар барысында Алик Жатқамбайұлы: – жас волейболшыларымыздың дайындық деңгейімен танысып, жоғары баға берді; – спортшылардың шеберлігі мен жеңіске деген талпынысына ризашылығын білдірді; – болашақ чемпиондарға бағыт-бағдар беріп, кәсіби кеңестерімен бөлісті. Федерация басшысының жас буынға көрсеткен қолдауы мен жігерлі сөздері шәкірттеріміз үшін үлкен мотивация болды.
ЖенПУ мұғалімдері мен студенттері және №204 мектеп ұстаздарының бірлескен «Инклюзивті математика» тақырыбындағы тренинг-семинары – тәжірибе алмасып, білім мен идеялар тоғысқан тағылымды кездесу болды. Ұстаздар бірлігі – сапалы білімнің кепілі.
06
наурыз
2026
ЖенПУ мұғалімдері мен студенттері және №204 мектеп ұстаздарының
ЖенПУ мұғалімдері мен студенттері және №204 мектеп ұстаздарының бірлескен «Инклюзивті математика» тақырыбындағы тренинг-семинары – тәжірибе алмасып, білім мен идеялар тоғысқан тағылымды кездесу болды. Ұстаздар бірлігі – сапалы білімнің кепілі. https://www.instagram.com/p/DViSq55COok/ 
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай білім беру ұйымдарының әйел ұстаздары арасында ұйымдастырылған “DODGEBALL” қалалық жарысында II орын иеленгендеріңізбен құттықтаймыз!
06
наурыз
2026
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай білім беру ұйымдарының
🎊 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🎊 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай білім беру ұйымдарының әйел ұстаздары арасында ұйымдастырылған “DODGEBALL” қалалық жарысында II орын иеленгендеріңізбен құттықтаймыз!
Ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңінде футзал спорт түрінен 9–11 сынып ұлдары арасында жүлделі II орынға ие болды.
06
наурыз
2026
Ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңінде футзал спорт
Құттықтаймыз❗️ Ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңінде футзал спорт түрінен 9–11 сынып ұлдары арасында жүлделі II орынға ие болды. Жаттықтырушылар: Жеткергенов Әлім Еркінұлы Нұрлұбек Нұрбол Таңжарықұлы.

Жаңалықтар топтамасы