Оқу тәрбиелік жұмыс » №204 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№204 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-57-38-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-57-38-70
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Оқу тәрбиелік жұмыс
1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ
01
қыркүйек
2026
1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ
Бүгін жүректері үмітке, көздері жалынға толы кішкентай бүлдіршіндердің мектептегі алғашқы қадамына куә болдық. 🤍 Қадамдарың құтты болсын, балапандар! 📚✨ Ұстаздан алған білім мен тәрбиені бойларыңа сіңіріп, елге қызмет етер білімді де жақсы азамат болып өсулеріңе тілектеспіз! Алғашқы қадамдарың жарқын болашақтарыңа бастар жол болсын! 🌸 https://www.instagram.com/reels/DcvXn_iopQ0/ 
№204 жалпы білім беретін мектепте білім алушылардың денсаулығын нығайтуға, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған «Саламатты мектеп» жобасы жүзеге асырылуда.
14
шілде
2026
№204 жалпы білім беретін мектепте білім алушылардың денсаулығын
№204 жалпы білім беретін мектепте білім алушылардың денсаулығын нығайтуға, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған «Саламатты мектеп» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, психологиялық қолдау көрсету және ата-аналармен серіктестікті нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ! 💙🌿 #саламаттымектеп2026 #саламаттымектепалматы
«Менің виртуалды досым» тақырыбында оқушылар өз қиялдарындағы достарының суреттерін салып, заманауи жасанды интеллект технологияларының көмегімен оларды жандандырып, виртуалды түрде кездесу мүмкіндігіне ие болды.
15
маусым
2026
«Менің виртуалды досым» тақырыбында оқушылар өз қиялдарындағы
«Менің виртуалды досым» тақырыбында оқушылар өз қиялдарындағы достарының суреттерін салып, заманауи жасанды интеллект технологияларының көмегімен оларды жандандырып, виртуалды түрде кездесу мүмкіндігіне ие болды. Бұл жұмыс балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, цифрлық технологияларға қызығушылығын арттырды.
Жазғы лагерьдің ІІ аптасында оқушылар «Жануарлар әлемі», «Қиял әлемі» тақырыптарында шығармашылық жұмыстар орындап, оригами жасап, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған қызықты іс-шараларға қатысты.
14
маусым
2026
Жазғы лагерьдің ІІ аптасында оқушылар «Жануарлар әлемі», «Қиял әлемі»
Жазғы лагерьдің ІІ аптасында оқушылар «Жануарлар әлемі», «Қиял әлемі» тақырыптарында шығармашылық жұмыстар орындап, оригами жасап, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған қызықты іс-шараларға қатысты. Балалар өздерінің қиялын, шеберлігін және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.  
Жазғы лагерьде балалар үшін ерекше әрі қызықты Нептун күні ұйымдастырылды.
11
маусым
2026
Жазғы лагерьде балалар үшін ерекше әрі қызықты Нептун күні
🌊🔱 Нептун күні – көңілді мереке! 🔱🌊 Бүгін жазғы лагерьде балалар үшін ерекше әрі қызықты Нептун күні ұйымдастырылды. 🏖️ Мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, достық қарым-қатынасты нығайту, белсенділік пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Жазғы демалыстың әр күні қызыққа толы болсын! 💙🌊  
Алматы қаласы Алатау ауданындағы №204 жалпы білім беретін мектеп жанындағы «СаяLike» жазғы демалыс лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
01
маусым
2026
Алматы қаласы Алатау ауданындағы №204 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Алатау ауданындағы №204 жалпы білім беретін мектеп жанындағы «СаяLike» жазғы демалыс лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға арнайы қатысқан Алатау аудандық Білім бөлімінің басшысы Карлыгаш Медербековна Акмурзаева оқушыларға ізгі тілегін білдіріп, лагерь жұмысына сәттілік тіледі. Іс-шара барысында оқушылар ән айтып, би билеп, түрлі ойындар мен қызықты бағдарламаларға белсене қатысты. Іс-шара соңында оқушыларға балмұздақ таратылып, балалардың қуанышына қуаныш
“Білімім-Отаныма” атты салтанатты жиын өтті.
25
мамыр
2026
“Білімім-Отаныма” атты салтанатты жиын өтті.
Бүгін мектебімізде “Білімім-Отаныма” атты салтанатты жиын жоғары деңгейге өтті. Жиын барысында білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, өскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігі, ел болашағына қосар үлесі мен жауапкершілігі кеңінен насихатталды. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, білімге деген құштарлықтарын, елге қызмет етуге деген ұмтылыстарын танытты.  Жиында Алатау ауданы әкімі аппаратының Қоғамдық даму бөлімінің басшысы Сайлибаев Алмат Уалиханович пен AMANAT партиясының Алатау аудандық
2026 жылдың 18 мамыр күні Алатау ауданы бойынша 9, 10, 11-сынып оқушыларына арналған кең көлемді түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
18
мамыр
2026
2026 жылдың 18 мамыр күні Алатау ауданы бойынша 9, 10, 11-сынып
2026 жылдың 18 мамыр күні Алатау ауданы бойынша 9, 10, 11-сынып оқушыларына арналған «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Жаз мезгіліндегі суға түсу және өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайлардың алдын алу», сондай-ақ «25 мамыр – Соңғы қоңырау және мектеп бітіру кешін өткізу тәртібі» тақырыптарында кең көлемді түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналысты Алатау аудандық білім бөлімінің басшысы К. Ақмұрзаева жүргізді. Кездесуге Алатау аудандық Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің Ювеналды
“Таза Қазақстан” акциясы аясында №204 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып бітіруші түлектерінің ұйымдастыруымен, мектеп әкімшілігінің қатысуымен сенбілік жұмыстары өтті.
16
мамыр
2026
“Таза Қазақстан” акциясы аясында №204 жалпы білім беретін мектептің
🌿 “Таза Қазақстан” акциясы аясында №204 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып бітіруші түлектерінің ұйымдастыруымен, мектеп әкімшілігінің қатысуымен сенбілік жұмыстары өтті. Түлектер мектеп ауласына гүл егіп, көгалдандыру жұмыстарына белсенді атсалысты.
23 сәуір – Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күніне орай мектебіміздің 7-сынып оқушылары Ұларбек Нұрғалымұлының “Қар суымен кеткен жылқы” әңгімесін оқып, мазмұнына терең талдау жасады.
22
сәуір
2026
23 сәуір – Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күніне орай
23 сәуір – Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күніне орай мектебіміздің 7-сынып оқушылары Ұларбек Нұрғалымұлының “Қар суымен кеткен жылқы” әңгімесін оқып, мазмұнына терең талдау жасады. 📚✨ Жоба екі кезең бойынша ұйымдастырылды:   🔹 1-кезеңде оқушылар шығарма желісі бойынша тест тапсырмаларын орындады.   🔹 2-кезеңде әр сыныптан үздік деп танылған 4-5 оқушы қатысып, “Оқырмандар конференциясында” өз ойларын ортаға салды.   Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы мен белсенділігі ерекше қуантты.