"Медицина" саласының мамандықтарымен танысу. Медициналық колледжіне экскурсия
Мекеме: Жоғары Республикалық Медициналық колледж
Қатысушылар: 9-сынып оқушылары
Мерзімі: 6.02.2025
Мақсаты:
- Оқушыларға медицина саласының негізгі мамандықтарымен таныстыру;
- Медициналық білім беру мекемесінің құрылымымен таныстыру;
- Болашақта медицина саласын таңдағысы келетін оқушыларға мотивация беру;
- Кәсіби бағдар беру және бағыт-бағдар көрсету.
Іс-шара мазмұны:
Экскурсия барысында оқушылар колледждің оқу аудиторияларымен, зертханаларымен, тәжірибелік кабинет және оқу бағдарламасымен танысты. Колледж қызметкерлері медицина саласындағы мамандықтар туралы толық ақпарат беріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Мамандықтар қатарына:
- Жалпы медицина;
- Фельдшер;
- Акушер;
- Медбике ісі;
- Лаборант;
- Фармация және т.б. бағыттар таныстырылды.
Қорытынды:
Іс-шара оқушылардың медицина саласына деген қызығушылығын арттырып, мамандық таңдау барысында көбірек мәлімет алуға септігін тигізді. Көптеген оқушы денсаулық сақтау саласына қызығушылық білдірді.

