05
қараша
2025
«Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасы аясында №204 жалпы білім беретін мектепте «Екінші өмір» сәндік-қолданбалы өнерінің қалалық байқау-көрмесі ұйымдастырылды.
«Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасы аясында №204 жалпы білім беретін мектепте «Екінші өмір» сәндік-қолданбалы өнерінің қалалық байқау-көрмесі ұйымдастырылды. Бұл шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, оларға жаңа өмір сыйлау арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Көрмеге қатысқан оқушылар түрлі қалдық материалдардан өз қолдарымен ерекше бұйымдар жасап, оларды көпшілік назарына ұсынды. Шара барысында қатысушылар қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсініп, тұрмыстық қалдықтарды тиімді пайдалану жолдарын үйренді. Мұндай экологиялық бағыттағы іс-шаралар оқушылардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, ұқыптылық пен шығармашылыққа баулиды. «Екінші өмір» көрмесі жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда және экологиялық бастамаларды қолдауда маңызды рөл атқарды.



