03
қараша
2025
ҚББЖТҒӘО жоспарына сәйкес №204 жалпы білім беретін мектепте “Авторлық жұмысты тарату және қолдану жолдары” тақырыбында қалалық онлайн әдістемелік семинар өтті.
ҚББЖТҒӘО жоспарына сәйкес №204 жалпы білім беретін мектепте “Авторлық жұмысты тарату және қолдану жолдары” тақырыбында қалалық онлайн әдістемелік семинар өтті. Іс-шараның мақсаты – педагогтердің авторлық тәжірибесін насихаттау, заманауи білім беру үрдісіне тиімді әдістемелерді енгізу, сондай-ақ тәжірибе алмасу арқылы кәсіби даму ортасын қалыптастыру болды. Семинар Zoom платформасында ұйымдастырылып, оған Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу, Жетісу, Наурызбай аудандары мен Алматы облысының Қарасай ауданынан келген ұстаздар белсенді қатысты. Қатысушылар өздерінің авторлық жобалары мен тиімді педагогикалық әдістерін таныстырып, заманауи білім беруде оларды бейімдеп қолдану тәжірибесімен бөлісті. Іс-шара мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға, үздік педагогикалық тәжірибелерді таратуға және білім сапасын жетілдіруге бағытталды. Семинар нәтижесінде қатысушылар жаңа идеялармен және тәжірибелік ұсыныстармен бөлісіп, ортақ кәсіби байланыстар орнатты.

