Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы – Алматы қалалық волейбол федерациясының
Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы – Алматы қалалық волейбол федерациясының президенті – жас спортшыларымызбен кездесуге арнайы келді. Сапар барысында Алик Жатқамбайұлы: – жас волейболшыларымыздың дайындық деңгейімен танысып, жоғары баға берді; – спортшылардың шеберлігі мен жеңіске деген талпынысына ризашылығын білдірді; – болашақ чемпиондарға бағыт-бағдар беріп, кәсіби кеңестерімен бөлісті. Федерация басшысының жас буынға көрсеткен қолдауы мен жігерлі сөздері шәкірттеріміз үшін үлкен мотивация болды.