23 сәуір – Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күніне орай
23 сәуір – Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күніне орай мектебіміздің 7-сынып оқушылары Ұларбек Нұрғалымұлының “Қар суымен кеткен жылқы” әңгімесін оқып, мазмұнына терең талдау жасады. 📚✨ Жоба екі кезең бойынша ұйымдастырылды: 🔹 1-кезеңде оқушылар шығарма желісі бойынша тест тапсырмаларын орындады. 🔹 2-кезеңде әр сыныптан үздік деп танылған 4-5 оқушы қатысып, “Оқырмандар конференциясында” өз ойларын ортаға салды. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы мен белсенділігі ерекше қуантты.