27
қаңтар
2023
"Абай әлемі" республикалық байқауы
26.01.2023 ж. "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығында 8-11 сынып оқушылары арасында "Абай әлемі" республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауда екі бағыт бойынша ("Жүрегімнің түбіне терең бойла..." атты эссе байқауы, "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін..." атты ақындар мүшәйрасы) аудандық кезеңнен 1-орын алған оқушылар бақ сынасты. Байқау қорытындысы бойынша мектебімізден аудан атынан барған ақындар мүшәйрасының қатысушысы 8-сынып оқушысы Нұрақын Аружан жүлделі 2-орынға ие болса, эссе бағыты бойынша сынға түскен 11-сынып оқушысы Балтабай Гүлім қатысқаны үшін сертификат алып қайтты. Жетекшілері - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Шаймаханова Айнұр және Кудедаев Ренат. Жүлделеріңіз құтты болсын! Биіктерден көріне беріңіздер!
