"Абай әлемі" шығармашылық байқауы » №204 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№204 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-57-38-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-57-38-70
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
қаңтар
2023

"Абай әлемі" шығармашылық байқауы

Бүгін Алатау ауданы №185 ЖББ мектепте жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында "Абай әлемі" атты шығармашылық байқаудың аудандық кезеңі болып өтті. Байқау екі бағыт бойынша өтті: 1) "Жүрегімнің түбіне терең бойла..." атты эссе байқауы; 2) "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін..." атты ақындар мүшәйрасы; Байқау қорытындысы бойынша мектебімізден қатысқан 5 оқушы да жүлделі оралды. Атап айтсақ, 11-сынып оқушысы Балтабай Гүлім эссе байқауынан 1-орын, жетекшісі Кудедаев Ренат; 10-сынып оқушысы Бақшабай Үкілім 2-орын, жетекшісі Базарбаева Меруерт; 8-сынып оқушысы Мұрат Әлен "Алғыс хат", жетекшісі Темірбаева Әсем. Ақындар мүшәйрасынан 8-сынып оқушысы Нұрақын Аружан 1-орын, жетекшісі Шаймаханова Айнұр; 11-сынып оқушысы Авлен Нұрдана 3-орын, жетекшісі Төлеу Жансая. Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз! 1-орын алып, қалалық кезеңге өткен оқушыларға сәттілік тілейміз!