19
қаңтар
2023
Мектебіміздің директоры модератор болды
Бүгін 19.01. 2023 жылы қала әкім Ерболат Досаевтың Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуіне мектебіміздің директоры Бекенова Гульжан модератор болды.
Әкім ауданның дамуы және өткен жылы тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Кездесуге 300-ден астам адам келді.
- 2023 жылдың соңына дейін 20,5 мың үйді сапалы сумен жабдықтау және кәріз желілерімен қамтамасыз ету жоспарлануда.
- Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Мөңке би көшесінде көлік жолайрығын салып, Саин көшесін ұзарту жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.
- Оқушы орындарының тапшылығын төмендету үшін өткен жылы 6300 орындық 4 мектеп ашылды, ағымдағы айдың соңына дейін 1500 орындық тағы бір мектеп ашу жоспарланған.
- 2023 жылы 10 050 орындық 6 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда.
- Ауданда 50 төсек-орындық перзентханасы бар 350 төсек-орындық бірінші көпсалалы аурухана салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленетін болады.
Сондай-ақ, кездесу барысында аудан тұрғындары жолдарды , кәріз және электр желілерін жөндеу, абаттандыру және т.б. мәселелерін көтерді.