"Шығармашылық" саласының мамандықтарымен танысу
13 наурыз 2025 жыл 9 “В”сыныбы сынып, жетекшісі Байкаметова Ақнұрмен бірге Алматы автомобиль және сән индустриясы колледжінде ашық есік күніне қатысып, болашақ мамандықтар әлеміне саяхат жасады!
Мақсаты:
- Оқушылардың шығармашылық бағыттағы мамандықтарға қызығушылығын ояту
- Колледждің оқу барысымен, материалдық-техникалық базасымен таныстыру
- Шығармашылыққа бейімі бар оқушыларға кәсіби бағдар беру
- Өзін-өзі танып, болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыттау
Ұлдарымыз автоэлектрик мамандығына ерекше қызығушылық танытып, көліктің электр жүйелері мен заманауи технологияларды өз көздерімен көрді. Қазіргі таңда автоэлектриктер жоғары сұранысқа ие, себебі заманауи көліктер күрделі электроникамен жабдықталған.
Ал қыздарымыз сән индустриясының қыр-сырын зерттеп, дизайнерлік және тігін технологиялары бойынша тың мағлұмат алды. Креатив пен техникалық дағдыларды ұштастыратын бұл мамандықтар шығармашылыққа жақын жандар үшін үлкен мүмкіндік!
Колледждің заманауи зертханалары мен тәжірибелік аймақтары оқушыларымызға болашақ мамандықтарын таңдауда үлкен көмек берді.

