Оқу тәрбиелік жұмыс » Страница 5 » №204 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№204 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-57-38-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-57-38-70
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
№204 жалпы білім беретін мектепте Ашық есік күні аясында педагог-психологтар ата-аналармен арналған мазмұнды тренингтік жұмыстар ұйымдастырды.
31
қазан
2025
№204 жалпы білім беретін мектепте Ашық есік күні аясында
​204 ЖББМ Ашық есік күні аясында педагог-психологтар ата-аналармен тренингтік жұмыстар ұйымдастырды.​​​ [media=https://youtube.com/shorts/-rqWiSpeh60?feature=share] №204 жалпы білім беретін мектепте Ашық есік күні аясында педагог-психологтар ата-аналармен арналған мазмұнды тренингтік жұмыстар ұйымдастырды. 🧠💬 Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналар мен мектеп арасындағы өзара сенімді қарым-қатынасты нығайту, отбасындағы психологиялық қолдау мен жылы атмосфераның маңыздылығын түсіндіру болды.
Өнегелі 15 минут
17
қаңтар
2025
Өнегелі 15 минут
2025 жылдың қаңтар айының 17 күні 1 «О» сынып оқушылары күнделікті «Өнегелі 15 минут» іс-шарасын өткізді. Ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында өнегелі 15 минутты тиімді өткізді. Ұлттық ойын асықты ойнауды үйренді. Асықтың денсаулыққа пайдасын, ойынның мақсаты туралы қысқаша мәлімет алды.
Табиғатты қорғау - ортақ міндетіміз!
17
қаңтар
2025
Табиғатты қорғау - ортақ міндетіміз!
17.01.2025ж 5 «А» сыныбы «Табиғатты қорғау – ортақ міндетіміз!» тақырыбында видео дайындады. Бүгінгі күннің ең маңызды мәселелерінің бірі – су мен энергияны үнемдеу. Әр тамшының, әр ватттың құны зор екенін түсіну арқылы болашағымызды қорғай аламыз. ✅ Кранды уақытында жабу – үлкен қадам. ✅ Жарықты қажет болмаған кезде сөндіру – жауапкершілік. ✅ Күнделікті өмірде үнемдеуді әдетке айналдырсақ, табиғатқа деген қамқорлығымыз арта түседі. 👉 5 "А" сыныбының дайындаған видеосын көріп, пайдалы әдеттерді
Мектепалды даярлық сыныптарының “Үйшік” ертегісі
24
ақпан
2023
Мектепалды даярлық сыныптарының “Үйшік” ертегісі
Ертегілер елінде мектепалды даярлық сыныптарының бүлдіршіндері дайындаған “Үйшік” ертегісі. Ертегіні сахналаудағы мақсат: балаларды достыққа, бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Жауапты: Сәйдіуәли Аякөз, Узакбаева Улпан
“Оқырмандар” клубы
20
ақпан
2023
“Оқырмандар” клубы
Мектебімізде “Оқырмандар” клубы ұстаздар арасында екінші рет өткізілді. Төлен Әбдіктің “Оң қол” әңгімесі мен Алма Қыраубаеваның “Жаным садаға” туындылары талданды. “Қазақ білімін бренд жасауда біздің үлесіміз қандай?” деген сұрақ төңрегінде оқығанымызбен, түйгенімізді ортаға салып ойымызды қорытындыладық. Жоба жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері: Шәми Гүлназ, Жекен Мұхтар.
Алғыс айту күні
20
ақпан
2023
Алғыс айту күні
Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн.
Көркем өнерпаздар байқауы
16
ақпан
2023
Көркем өнерпаздар байқауы
Алматы қаласы Білім басқармасы №1 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен оқушылардың туған жерге, елге, мемлекетке деген ұлттық патриоттық сезімін ояту, арттыру мақсатында Алатау ауданының мектеп оқушылары арасында көркем өнерпаздар байқауы №196 ЖББ мектепте болып өтті. Байқау шарты бойынша тек мектеп жасындағы оқушылар қатысып, 45 минуттық шағын концерттік бағдарлама қойылды. Байқау 4 жанр бойынша өтті. Вокал жанры бойынша музыкалық шығармалар тек жанды дауыста орындалды.
Мұқағали Мақатаевтың туған күні
07
ақпан
2023
Мұқағали Мақатаевтың туған күні
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 6”Ж” сынып тәрбие сағатын өтті. Оқушылар белсенділік танытып, шығармаларын әңгімелеп, өлеңдерін жатқа оқыды. Сынып жетекші: Намазбаева Жазира
Жолда жүру ережелерін білеміз бе?
25
қаңтар
2023
Жолда жүру ережелерін білеміз бе?
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Камбар Талгатович пен Алатау ауданы ПБ қызметкерлері “Жолда жүру ережелерін білеміз бе?”, Төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын дабыл шабаданының жинақталуын түсіндірді.
Мектеп ішіндегі қыздардың тәртібі
17
қаңтар
2023
Мектеп ішіндегі қыздардың тәртібі
2023 жылдың 10 қаңтар күні жалпы 8-9-10 сынып қыздарына арналған «Өрлеу» жастар орталығымен бірлескен семинар-лекция түрінде жиналыс болып өтті. Жиналысқа арнайы психолог мамандар қатысып, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Ж.Байбактиева “Мектеп ішіндегі қыздардың тәртібі” тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.