«Жемқорлықсыз ел гүлденген ел» атты сайысы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарына сәйкес мектебімізде 8 сыныптар арасында «Жемқорлықсыз ел гүлденген ел» атты сайыс өтілді. Сайысты ұйысдастырудағы «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі мақсаты адам бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту болып табылады.
Сынып оқушылары сайысқа тиянақты дайндалып,белсенділікпен қатыса отырып өздерінің салған суреттері мен жазған эсселері және шығарған өлеңдерін жатқа оқып бақтарын сынады.
Сайысқа қатысушылар «Үздік қылқалам шебері», «Маржан сөз», «Ұшқыр ой»
номинациясымен марапатталды.Сайыс нәтижесінде оқушыларқоғаммен бірге күш жұмылдырып бұл іс-әрекетке қарсы тұратын болсақ ғана, онымен бірге күресуге күшіміз жететіндігінжәне сыбайлас жемкорлыкты жою елдің өркендеуіне, көркеюіне әкелетіндігін сонымен бірге бұл біздің болашағымыздың жарқын болуының бірден-бір себебі болғандықтан, әрбір адам жемқорлыққа жол бермеуге тиісті екендіктерін түсінді.
