"Мамандықтар туралы жұмбақтар" викторинасы 6 «А» сынып іс-шарасы
2024 жылдың 29 қарашасында "Мамандықтар туралы жұмбақтар" викторинасы 6 «А» сыныбында іс-шара болып өтті.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар мамандық түрлерімен танысады, мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныса отырып, олардың маңыздылығы туралы білім алады. Кәсіпті таңдап, игеру үшін оқып, білім алу қажеттілігін түсінеді. Әңгіме құрастыруда өз ойын, өз армандарын нақты және түсінікті етіп жеткізе білу қабілеттері дамиды. Шығармашылық белсенділіктері дамиды, әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылықтары артады.
Мамандық таңдау барысында адам сұранысы бар, жоғына қарамай өзінің жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керектігін ұмытпағаны жөн. Себебі, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз жұмысын жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді. Егер де ол мамандық өзіне ұнамай, тек өзгелердің айтуы бойынша сол жұмысқа кірген болса, адам өмірінің соңына дейін өзін ауыр сезініп, өмірде өз орынын таппаған адам қатарында жүретін болады. Қорыта келгенде, мамандық таңдағанда болашақтағы мамандықтарға ғана емес, жүрек қалауына да үңілу Қажет. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.

