«Мен таңдаған мамандық» тақырыбынан 7 «Ә» сынып эссе жұмысы
2024 жылдың 16 қарашасында «Мен таңдаған мамандық» тақырыбынан 7 «Ә» сыныбынан эссе алынды.
Мақсаты: Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарастарын дамыту, алдағы уақытта мамандықты таңдауын дұрыс жолда болуына себепкер болу; өз-өзін анықтаудың жалпы әзірлігін қалыптастыру, мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен бейімділігін анықтау, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Міндеті: мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
-оқушылардың өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай таный білуге үйрету;
-оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
-оқушыларды құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Барынша көптеген мамандықтарды зерттеу керек және Сіз тіршілік еткен аймақта қандай мамандықтар керектігін анықтау қажет.