03
қараша
2025
2026 жылы ҰБТ форматына өзгеріс енгізілмейді
Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) халықаралық тест деңгейіне жеткізуді жоспарлап отыр.
Бұл туралы министрліктің ресми өкілі айтты.
Ведомствоның мәліметінше, ҰБТ-ны жаңғырту кезең-кезеңімен жүргізіледі. 2026 жылы емтихан форматына ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Бұл оқушылар мен ата-аналарға алдын ала дайындық жүргізуге жағдай жасау үшін жасалып отыр.
ҰБТ-ны халықаралық стандарттарға бейімдеу мәселесі Нью-Йоркте өткен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Educational Testing Service (ETS) компаниясы басшылығы арасындағы кездесуде талқыланған.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, ETS мамандары тест мазмұнын қайта қарап, сапалы сұрақтар дайындауға қатысады.