Қазақстанда ҰБТ-ға өзгерістер енгізіледі » №204 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№204 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-57-38-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-57-38-70
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстанда ҰБТ-ға өзгерістер енгізіледі
13
қазан
2025

Қазақстанда ҰБТ-ға өзгерістер енгізіледі

ЕНТ, тестирование, тесты, экзамены, выпускной класс, выпускники школы, национальный центр тестирования, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2025 14:17Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2025 жылғы 22 қыркүйекте Мемлекет басшысының Educational Testing Service (ETS) компаниясы және Смитсон институты басшылығымен өткізген кездесулерінің нәтижелерін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің айтуынша, президенттің Нью-Йоркке сапары аясында екі ірі кездесу өтті.
"Біріншісі – әйгілі Смитсон институтымен. Бұл – АҚШ-тағы ең көне ғылыми-зерттеу бірлестіктерінің бірі. "Болашақ" бағдарламасы аясында біздің алдыңғы қатарлы ғалымдарымыз, антропологтар, мәдениеттанушылар, тарихшылар енді осы беделді, көне ғылыми-зерттеу орталығында арнайы оқудан өте алады", – деді Саясат Нұрбек.
Оның айтуынша, екінші кездесу бұдан да маңыздырақ болды – ол Educational Testing Service (ETS) компаниясының басшылығымен өтті.
"ETS – әлемдегі ең көне тестология компаниясы. ETS-тің үздік мамандары тартылып, арнайы жұмыс тобы құрылады, біздің Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) әдістемесі мен мазмұны түбегейлі қайта қаралады", – деді Саясат Нұрбек.
Министрдің айтуынша, "әлемдік деңгейдегі үздік мамандар ҰБТ-ны халықаралық тестке айналдыру үшін көпсатылы жұмысқа тартылады. Бұл ең озық әдістемеге және ең сапалы сұрақтарға негізделетін болады".
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары 2025 жылғы 21 қыркүйек кешке басталды. Қазақстан Президенті Goldman Sachs Global Institute-тің жаһандық мәселелер жөніндегі президенті Джаред Коэнмен, сондай-ақ Educational Testing Service (ETS) компаниясының президенті әрі бас атқарушы директоры Амит Севакпен кездесті.