Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау » №204 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№204 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-57-38-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-57-38-70
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау
28
шілде
2023

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау

Алматыда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталды. Жалпы төрт айда қала бойынша 25 009 өтініш түсті. Өтінім 1 тамызға дейін қабылданады.

Үлгілік қағидаға сәйкес, 1-сыныпқа қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету электрондық форматта «Электрондық үкіметтің» egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Даярлық деңгейіне қарамастан, мектепке маңында (шағын учаскеде) тұратын барлық бала қабылданады. Әрі балаларды мектепке өздерінің шағын аумағы бойынша ғана емес, бос орындар болған жағдайда кез келген басқа мемлекеттік мектепке де тіркеуге болады.

Бірінші сыныпқа қабылдау үшін баланың ата-анасы немесе заңды өкілі жеке өтініш жазуы керек. Сонымен қатар, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін, 026/у-3 үлгідегі денсаулық жағдайы туралы құжатты, 065/у үлгідегі денсаулық жағдайы туралы құжатты және 3×4 өлшеміндегі екі фотосуретті өткізу қажет. Қабылдау жасы — 6 жастан бастап.