2025 жылдың 19 қарашасында мектебіміздің 11-сынып оқушылары Атакентте
№204 ЖББМ Халықаралық білім көрмесінде! 2025 жылдың 19 қарашасында мектебіміздің 11-сынып оқушылары Атакентте өткен “Білім және Мансап” халықаралық білім көрмесіне қатысып қайтты. Бұл шарада түлектер түрлі жоғары оқу орындарымен танысып, мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат алып, өз болашақ бағыттарын анықтауға мүмкіндік алды. Осындай маңызды іс-шаралар оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға үлкен септігін тигізетіні сөзсіз. ✨