№204 ЖББМ "Мен және менің болашақ мамандығым","Армандарды қалай жүзеге асыруға болады" 9-11 сынып сағаттарының серияларын өткізу туралы » №204 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№204 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-57-38-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-57-38-70
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №204 ЖББМ "Мен және менің болашақ мамандығым","Армандарды қалай жүзеге асыруға болады" 9-11 сынып сағаттарының серияларын өткізу туралы
07
қазан
2024

№204 ЖББМ "Мен және менің болашақ мамандығым","Армандарды қалай жүзеге асыруға болады" 9-11 сынып сағаттарының серияларын өткізу туралы

1. «Жүз жол – бірі сенікі»  2. «Мен және менің болашақ мамандығым»  

3. «Армандарды қалай жүзеге асыруға болады?»  4. «Жас болу оңай»  

5. «Адамдар өмірде не іздейді?»  

Қатысушылар: 5–11 сынып оқушылары  

Өткізу мерзімі: 7.10.2024ж  

Мақсаты:

- Оқушылардың өзін-өзі тануына, тұлғалық дамуына жағдай жасау;  

- Өмірлік бағыт-бағдарын, болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектесу;  

- Арман мен мақсатқа жету жолында табандылыққа тәрбиелеу;   

- Қоғамдық, рухани және адами құндылықтарды тануға жетелеу.

Сынып сағаттарының мазмұны:

 «Жүз жол – бірі сенікі»  

Бұл сағатта оқушылар өмірлік жол, таңдаулар мен мүмкіндіктер жайында ой қозғап, әркім өз жолын таба алатынын ұғынды.

 «Мен және менің болашақ мамандығым»  

Оқушылар армандаған мамандықтары жайлы презентациялар жасап, түрлі саладағы мамандармен танысып, кәсіби бағдарға бағыт алды.

 «Армандарды қалай жүзеге асыруға болады?»

 «Жас болу оңай»  

Жасөспірімдер өміріндегі қиындықтар мен қуанышты сәттер талқыланып, ішкі жан дүниені түсіну мен өзін-өзі қолдау жолдары қарастырылды.

 «Адамдар өмірде не іздейді?»  

Өмірдің мағынасы, құндылықтар, адамдық қасиеттер жайлы терең ой бөлісу арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңейді.

Қорытынды:

Сынып сағаттары оқушылардың тұлғалық өсуіне, жауапкершілік пен армандарына сенуіне, өз болашағына саналы қарауына себепші болды. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларымен еркін бөлісті
Теги:
.