"Мен мұнда оқығым келеді" талапкерлерге арналған анықтамалықпен жұмыс
Мақсаты:
9–11 сынып оқушыларына оқу орындары туралы ақпарат беру арқылы олардың кәсіби бағдарлануына ықпал ету, саналы таңдау жасауға үйрету және анықтамалық ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Өткізу күні: 5.05.25
Қатысушылар: 10 сынып оқушылары
Өткізу форматы: сауалнама
Сауалнама барысында оқушылар жоғары оқу орындары мен колледждер туралы анықтамалық материалдармен жұмыс жасап, оқу орнын таңдау критерийлерін зерттеді. Әр топ өз таңдаған оқу орнының ерекшеліктерін таныстырып, «Мен неге осы жерде оқығым келеді?» тақырыбында презентация ұсынды. Шара соңында оқушылар өз болашақтарына қатысты маңызды қадамдар жайлы ойланып, мамандық таңдаудың жауапкершілігін түсінді, сауалнамаға өз ойларын жазды.
Нәтиже:
Сауалнама оқушылардың кәсіби бағдарлануына оң әсер етті. Олар оқу орындары туралы нақты мәлімет алып, өз таңдауларына сенімділікпен қарауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, анықтамалық ақпаратпен жұмыс істеу және оны сынып алдында таныстыру дағдылары дамыды.