Мектептік іс-шаралар » Страница 7 » №204 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№204 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-57-38-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-57-38-70
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Оқырмандар” клубы
20
ақпан
2023
“Оқырмандар” клубы
Мектебімізде “Оқырмандар” клубы ұстаздар арасында екінші рет өткізілді. Төлен Әбдіктің “Оң қол” әңгімесі мен Алма Қыраубаеваның “Жаным садаға” туындылары талданды. “Қазақ білімін бренд жасауда біздің үлесіміз қандай?” деген сұрақ төңрегінде оқығанымызбен, түйгенімізді ортаға салып ойымызды қорытындыладық. Жоба жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері: Шәми Гүлназ, Жекен Мұхтар.
Алғыс айту күні
20
ақпан
2023
Алғыс айту күні
Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн.
Coffee break
16
ақпан
2023
Coffee break
15.02.2023.Ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігінің аясында күнделікті қолданылатын Ағылшын тілі сөз тіркестеріне шолу жасау, ағылшын тілді мемлекеттердің мәдениетімен танысу мақсатында мұғалімдерге арналған coffee break ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы ұстаздар: Касенова А., Омашова Г., Уксикпаева П., Байганатова А.
Көркем өнерпаздар байқауы
16
ақпан
2023
Көркем өнерпаздар байқауы
Алматы қаласы Білім басқармасы №1 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен оқушылардың туған жерге, елге, мемлекетке деген ұлттық патриоттық сезімін ояту, арттыру мақсатында Алатау ауданының мектеп оқушылары арасында көркем өнерпаздар байқауы №196 ЖББ мектепте болып өтті. Байқау шарты бойынша тек мектеп жасындағы оқушылар қатысып, 45 минуттық шағын концерттік бағдарлама қойылды. Байқау 4 жанр бойынша өтті. Вокал жанры бойынша музыкалық шығармалар тек жанды дауыста орындалды.
“Әр өлеңі-бір әлем” атты әдеби-сазды кеш
09
ақпан
2023
“Әр өлеңі-бір әлем” атты әдеби-сазды кеш
Мектебімізде 8 ақпан күні Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай “Әр өлеңі-бір әлем” атты әдеби-сазды кеш болып өтті. Кеште М.Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер орындады және поэзиялары оқылып, кинодан үзінді қойылды. Кеште мектеп оқушыларымен қатар мұғалімдер де белсене қатысты.
"Екі жұлдыз" ән байқауы
31
қаңтар
2023
"Екі жұлдыз" ән байқауы
Жас мамандарға шығармашылық қолдау көрсету мақсатында мектебіміздің жас мамандары арасында "Екі жұлдыз" ән байқауы өтті. Байқау барысында жас ұстаздар халық, ретро және заманауи әндерді орындап, өздерін сан қырынан көрсетті. Байқау соңында жұлдызды жұптар жүлделі орындармен марапатталды.
“Bastau” әдеби бірлестігі
18
қаңтар
2023
“Bastau” әдеби бірлестігі
Мектебімізде поэзияға құштар оқушылар қалыптастыру мақсатында “Bastau” әдеби бірлестігі құрылды. Іріктеу кезеңіне 58 оқушы қатысып, 28 оқушы клубқа мүшелікке алынды. Алдағы уақытта * сахна мәдениеті * мәнерлеп оқу * Монолог оқу бойынша оқушыларымыз ұстаздарымызбен бірге дайындалатын болады. Жоба жетекшілері: қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Жазира Ақылбекқызы мен Жекен Мұхтар.
”Туған ел” патриоттық ән байқауы
17
қаңтар
2023
”Туған ел” патриоттық ән байқауы
Оқушылардың рухани-патриоттық сезімін ояту мақсатында мектепішілік ”Туған ел” атты патриоттық әндер байқауы 5-8 сынып оқушылары арасында өткізілді. Байқау шарты бойынша “Туған ел”, “Отан”, “Туған жер” тақырыбында тек жанды дауыста ән шырқалды. Әннің орындау шеберлігіне, сахна мәдениетіне баса назар аударылды. Байқауда 12 оқушы бақ сынап, жүлделі орындарды иеленді. 6 “В” сынып оқушысы Калкаманова Инабат “бас жүлде” иеленіп, аудандық кезеңге жолдама алды. Байқау жетекшісі аға тәлімгер Турлан
"Өзін отпен күреске арнаған адамдар" тақырыбында дөңгелек үстел
13
қаңтар
2023
"Өзін отпен күреске арнаған адамдар" тақырыбында дөңгелек үстел
“Өзін отпен күреске арнаған адамдар” тақырыбында 7 сыныптармен дөңгелек үстел өтті оқушылар өз ойларымен бөлісті Жетекші: Ганибаев Базарбек