МЕКТЕПКЕ ЖОЛ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ » №204 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№204 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-57-38-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-57-38-70
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕКТЕПКЕ ЖОЛ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ
05
тамыз
2024

МЕКТЕПКЕ ЖОЛ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Алатау ауданы Nº204 ЖББМ бойынша 2024
жылдың 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке
жол» жалпы Республикалық қайырымдылық акциясы
ұйымдастырылып жатқанын хабарлайды.
Мектепке жол акциясы «Жақсылық жаса!» ұранымен
өткізіледі.
Мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасылардан
шыққан, жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған окушыларға жаңа оқу жылына
дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер
бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу
үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.
2024-2025 оқу жылында аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға оқу жылының
басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету мақсатында жеке кәсіпкерлер және меценаттарды
көмек көрсетуге шақырамыз.