Бос және уақытша бос лауазым бойынша конкурс жариялау » №204 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№204 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-57-38-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-57-38-70
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос және уақытша бос лауазым бойынша конкурс жариялау
14
тамыз
2026

Бос және уақытша бос лауазым бойынша конкурс жариялау




Бос және уақытша бос лауазым бойынша конкурс жариялау
Алматы қаласы Алатау ауданы

«№204 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

төмендегідей бос және уақытша бос лауазым бойынша конкурс жариялайды:



1. Конкурс жариялаған мекеме атауы: «№204 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

     -  Конкурс өткізу орны: Алматы қаласы Алатау ауданы Саялы ы/а, Аққайнар 3 үй

      -  Байланыс телефондары: +77473827142, 

      -  Электронды почта: 204mektep_ 
2.  Конкурс 2026 жылдың 14-24 тамыз аралығында жарияланады;

3.  Конкурс нәтижесі 25 тамыз күні сағат 15.00-де №204 жалпы білім беретін мектеп сайтында жарияланады;              

4. Конкурсқа қатысатын бос және уақытша бос лауазымдардың негізгі функционалдық міндеттері, еңбек ақы төлеу мөлшері мен шарттары төмендегідей белгіленген:

-    Психолог (уақытша) – 2 орын, талаптарға сай өткізу еңбек ақысы –130 000 теңгеден бастап,
- дефектолог – 1 орын, талаптарға сай өткізу еңбек ақысы –150 000 теңгеден бастап,
- педагог – ассистент – 2 орын, талаптарға сай өткізу еңбек ақысы –150 000 теңгеден бастап,
- аға тәлімгер  – 1 орын, талаптарға сай өткізу еңбек ақысы –130 000 теңгеден бастап,
- әлеуметтік педагог – 1 орын, талаптарға сай өткізу еңбек ақысы –130 000 теңгеден бастап,
- орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі –3  орын, талаптарға сай өткізу еңбек ақысы –160 000 теңгеден бастап, 

- ағылшын тілі мұғалімі – 3 орын, талаптарға сай өткізу еңбек ақысы –160 000 теңгеден бастап,
- тарих пәні мұғалімі – 3 орын, талаптарға сай өткізу еңбек ақысы –160 000 теңгеден бастап,
- математика пәні мұғалімі – 3 орын, талаптарға сай өткізу еңбек ақысы –160 000 теңгеден бастап,
- информатика (уақытша) – 2 орын, талаптарға сай өткізу еңбек ақысы –160 000 теңгеден бастап,
- химия пәні мұғалімі – 1 орын, талаптарға сай өткізу еңбек ақысы –160 000 теңгеден бастап,
- биология пәні мұғалімі – 1 орын, талаптарға сай өткізу еңбек ақысы –160 000 теңгеден бастап,
- физика – 1 орын, талаптарға сай өткізу еңбек ақысы –160 000 теңгеден бастап,
- көркем еңбек пәні мұғалімі (қыз балаларға) – 1 орын, талаптарға сай өткізу еңбек ақысы –160 000 теңгеден бастап,
- көркем еңбек пәні мұғалімі (ұл балаларға) – 1 орын, талаптарға сай өткізу еңбек ақысы –160 000 теңгеден бастап,
- дене шынықтыру пәні мұғалімі – 3 орын, талаптарға сай өткізу еңбек ақысы –160 000 теңгеден бастап
 
5. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын талаптары: мұғалімдерінің тиісті мамандық бойынша жоғары педагогикалық білімі болуы тиіс, оқу пәнінің мазмұнын, оқу үрдісін, оқыту мен бағалау әдістерін білуі...

6. Қажетті құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.